{metadescription}
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 5 адам қайтыс болды

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 5 адам қайтыс болды

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 5 науқас көз жұмды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

4 адам коронавирустан, ал бір пациент ковидтік пневмониядан қайтыс болды. Бір тәулікте 62 адам пневмонияға шалдықты. 1 тамыздан бері пневмониямен ауырғандар саны 31 148 науқасқа жетті. 344 пациент көз жұмды. Ал 13 наурыздан бері 107 307 адам коронавирус жұқтырды, 1699 науқас қайтыс болды.

Қазір коронавирустан 3 667 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 36 бала бар. Стационарларда 1 873 науқас жатыр. 1 794 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Науқастардың арасында 97 адамның жағдайы ауыр, соның ішінде 13 пациенттің хәлі мүшкіл деп бағалануда. 17 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.