{metadescription}
Mетро пойызы рельстен шығып кетті

Mетро пойызы рельстен шығып кетті

Нью-Йоркте метро пойызы жолға тасталған белгісіз затқа соқтығысып, рельстен шығып кеткен.

Келеңсіз жағдай Манхэттеннің Челси ауданында жексенбі күні таңертең, шамамен 08:15-те болған. 135 адам эвакуацияланды. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

«Солтүстікке бағыт алған пойыз 14St-8th Av станциясынан шыққан бетте пойыз жол полотносында жатқан затқа соқтығысып, рельстен шығып кеткен», - деп мәлімдеді Нью-Йорк қаласы Көлік басқармасының уақытша басшысы Сара Файнберг.

Алдын ала деректерге қарағанда, апатқа байланысты 30 жастағы үйсіз адам ұсталған. Куәгерлердің айтуынша, ол метродағы жолға қоқыс тастаған.

Дереккөз: ҚaзАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.