{metadescription}
АШМ Қазақстанда құс тұмауының өршу себебін атады

АШМ Қазақстанда құс тұмауының өршу себебін атады

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева Қазақстанда құс тұмауы қалай өршіп кеткенін айтып берді.

«Эпизоотиялық зерттеу жұмыстары көрсеткендей, алдымен, солтүстіктен оңтүстікке көшіп бара жатқан жабайы құстардың өлімі тіркелген. Ауру ортақ су қоймасын пайдаланудан келген. Лабораториялық зерттеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін, құстардың қандай диагноздан қырылғаны белгілі болды – ол жоғары патогенді құс тұмауы. Мониторинг барысында жабайы құстардың (аққулар мен үйректердің), қарғалар мен сауысқандардың, көгершіндердің қырылғаны анықталды», - деді ол бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуынша, Петропавлдағы орталық бақта қырылған қарғалар, сауысқандар мен көгершіндер жиналып алынып, өртелген. Еске сала кетсек, бұған дейін Гүлмира Исаева бірқатар өңірдегі эпизоотиялық жағдай туралы баян етіп, Қазақстанның бес облысында құс тұмауы тіркелгенін мәлім еткен еді. Індет салдарынан үй құстары өлген шаруа иелеріне өтемақы ретінде 400 млн теңге бөлінді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.