{metadescription}
Алматыда мысықтарды тірідей өртемек болды

Алматыда мысықтарды тірідей өртемек болды

Алматы облысының Панфилово ауылында зооқорғаушылар күйік шалған екі мысықты тапты. 

Полиция жануарларға қатыгездікпен қарау ісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Animal Sekurity қорының өкілдері өздерінің Instagram парақшасында мысықтарды өртеу әрекеті туралы хабарлады.

"Адам қатыгездігінің тағы бір құрбаны! Табаксовхозда мысықтарды тірідей өртеп жатыр. Бұл мысық қашып үлгерді, екіншісінің жолы болмады. Біз оны емханаға алып бардық. Мысықтың денесі күйген, құйрығы мен табаны кесілген, табанынан сүйектері шығып тұр. Біз полицияға арыз жаздық, енді бастысы, марғаудың жағдайының жақсаруы. Оның аты - Джерри. Ол өте мықты", - деп жазды зооқорғаушылар.

Алматы облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлім етті, деп жазады stan.kz.

"Алматы облысы полиция департаменті 20 қыркүйекте Талғар АПБ кезекші бөліміне Панфилов кентінде екі мысықтың табанынан күйік пен жарақат алғаны туралы хабарлама келіп түскенін хабарлайды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің "Жануарларға қатыгездiк жасау", яғни 316 - бабының 1-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді", - деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде