{metadescription}
Мамин министрлермен әкімдерге тапсырма берді

Мамин министрлермен әкімдерге тапсырма берді

Үкімет басшысы астық және бұршақ тұқымдас дақылдарды өңдеу саласы мен экспорттық әлеуетті дамыту жөніндегі жол картасын әзірлеуді тапсырды.

Премьер-министр Асқар Мамин егін ору науқанын қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Әкімдіктер мен ауыл шаруашылығы министрлігі егін жинауды қысқа мерзімде аяқтап, егіннің сақталуын қамтамасыз етсін. Ауыл шаруашылығы министрлігі астықтың сатып алу бағасын белгілеп, нарыққа қатысушыларды хабардар етсін", – деді Мамин үкімет отырысында.

Бұдан бөлек, индустрия министрлігіне "Қазақстан темір жолы" компаниясымен бірлесіп, астықты үздіксіз тасымалдау үшін жылжымалы құраммен қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар, премьер астық өнімдерінің экспортын ұлғайту қажет екенін айтты.

Биыл астықтың экспорттық әлеуеті шамамен 7,5-8 миллион тонна болады, бұл былтырғыдан 12,5%-ке көп. Экспорттық әлеуетті барынша іске асыру қажет

Әлемдік нарықта азық-түлікке сұраныс пен оның бағасы ұлғая беретінін атап өткен үкімет басшысы басты міндет – астық өсіру мен одан жасалатын өнімдер экспортының көлемін ұлғайту керектігіне тоқталды.

"Бізде жоғары сапалы нан өнімдерінің өндірісімен қатар, астықты терең өңдеу үлгілері де бар. Атап айтқанда глютен, крахмал және биоэтанол өндірісі. Жалпы, елімізде астық және одан жасалатын өнімдердің экспорттық әлеуеті өте жоғары. Осы әлеуетті барынша іске асыруымыз қажет", – деді Мамин.

Осы ретте, ол ауыл шаруашылығы министрлігіне астық және астық бұршақ тұқымдас дақылдарды өңдеу саласын және экспорттық әлеуетті дамыту жөніндегі жол картасын әзірлеуді тапсырды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.