{metadescription}
Ақтауда күшіктерді ит төбелесіне дайындап жатқаны түсірілген видео жұртты шошытты

Ақтауда күшіктерді ит төбелесіне дайындап жатқаны түсірілген видео жұртты шошытты

Ақтауда күшіктерді ит төбелесіне дайындап жатқаны түсірілген видео желіні шулатты.

Зооқорғаушылар болса бұған алаңдап, барлық қатысқандарды анықтап, жазалауды талап етіп отыр. Даулы видео Жаңаөзенде түсірілген деген болжам бар. Онда үш күшікті бір-біріне қарсы таластырып, содан кейін олардың біреуін ересек иттің талауына қояды. Терісі алынған күшікті кейін қайтадан күшіктердің қоршауына лақтырылады. 

Жануарларды таластырған ұйымдастырушының үстінен полицияға арыз жазды. Белсенділер Жаңаөзен қаласының тұрғыны стаффордтар мен питбульдерді иттермен күресу үшін арнайы сатып алатынын анықтады. Зооқорғаушылардың айтуынша, аймақта мұндай жарыстар үнемі өткізіліп тұрады.  Көліктер мен мыңдаған долларлар сыйлық ретінде тігіледі. Полиция тергеуді бастады.

"Осы жарыстарға қатысқаны үшін адамдар жарна төлейді. Бұл жарыстарға негізінен үлкен иттер қатысады. Бұл иттер, әдетте, стаффорд және питбуль түрлері, олар осыған үйретілген. Бізге алабайды әкелді, бұл алабайдың шайқастарға қатысқанын нақты білеміз, яғни біз оның басының жартысы жарақаттанғанын байқадық. Бізге иттің иесі оны жеңілгені үшін күрекпен өлтіруге тырысқанын айтты", - деді "Шанс" қоғамдық қорының жетекшісі Ольга Бахтеева.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.