{metadescription}
Нұр-Сұлтанда танысының үйіне қонаққа барған ер адам ауыр қылмыс жасады

Нұр-Сұлтанда танысының үйіне қонаққа барған ер адам ауыр қылмыс жасады

Күдікті бұған дейін сотты болған, қазір ол тергеу изоляторында қамауда жатыр, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Нұр-Сұлтан тұрғыны үш адамды пышақпен жарақаттады. Полиция ауыр қылмыс жасаған 30 жастағы ер адамды 15 минуттың ішінде ұстады. Департаменттің ақпаратынша, қала тұрғыны танысының үйінде қонақта болған.

"Қанды оқиға үй иесімен ішімдік ішіп отырған кезде басталады. Күдіктіге танысының кішкентай ұлымен қалай сөйлескені ұнамай қалған. Осыдан кейін екі ер адам бала тәрбиесі жайлы дауласып, күдікті бөтелкелесінің ішіне үш рет пышақ сұғып алды", - делінген хабарламада.

Содан кейін жігіт пәтерден жүгіріп шыққан. Алайда баспалдақта көршісіне тап болып, ізін жасыру үшін оның ішіне де пышақ сұғып алған. Суық қаруды әрі-бері сілтегенде, көршісінің әйелінің қолын тіліп өтеді.

"Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер ауыр қылмыс жасаған ер адамды 15 минут ішінде ұстады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деп мәлімдеді полициядан.

Күдікті бұған дейін Қылмыстық кодекстің "денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша сотты болғаны анықталды. Үш жәбірленушіні жарақаттаған ер адам тергеу изоляторына қамалды.

Дереккөз: sputniknews.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.