{metadescription}
Cтуденттерден курсты аяқтаған кезде өткізуі тиіс кету қағазы талап етілмейтін болады

Cтуденттерден курсты аяқтаған кезде өткізуі тиіс кету қағазы талап етілмейтін болады

Келесі жылдың жазынан бастап оқу жылының соңында студенттерден өткізуі тиіс кету қағазы талап етілмейтін болады.

Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов мәлім етті.

«Жоғары оқу орындары әр оқу жылы аяқталған кезде студенттерден кету қағазын талап ететіні белгілі. Кейбір ЖОО қазір бұл талапты цифрлық форматқа ауыстырып жатыр. Яғни, қазірдің өзінде кету қағазын қағаз жүзінде талап етпейтіндей негіз бар. Сол себепті әріптестерден (ЖОО-дағы) келесі жылдың жазынан бастап студенттерден есепшілердің, кітапхананың мөрі талап етілетін кету қағазын талап етпеуді өтінеміз», - деді Мирас Дәуленов Білім және ғылым министрлігінің аппараттық отырысында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігі университеттерден ешқандай құжаттарды талап етпейтінін мәлім еткен еді. Министрдің айтуынша, жоғары оқу орындарының педагогтарына қатысты қағазбастылық проблемасын шешу керек.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.