{metadescription}
Ақтөбе тұрғыны досының атынан екі мәрте онлайн несие алған

Ақтөбе тұрғыны досының атынан екі мәрте онлайн несие алған

Ақтөбе тұрғыны досының құжатын пайдаланып, несие рәсімдеді.

Полицияға 22 жастағы ақтөбелік арыз жазды. Ол өзінің досы жасаған интернет-алаяқтық дерегі туралы хабарлады. Жәбірленушінің айтуынша, досы оған айтпай, 2 рет онлайн несие рәсімдеген.

«Бұрын жауапқа тартылған және қолхатпен бостандықта жүрген 24 жастағы ақтөбелік ұялы телефон арқылы досының атына «Си Силоун. КЗ» арқылы 15 мың теңге көлемінде несие рәсімдеді. Сол күні күдікті тағы да досының атынан екінші кредитті «Карыз - Займ» интернет-сайтында рәсімдеген. Келген шығын сомасы - 15 мың теңге», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, Хромтау қаласының тұрғыны да арызданды. 45 жастағы ер адамның айтуынша, ОLХ қосымшасы арқылы белгісіз адам пальто сатып алмақ болып, оған ақша аудару үшін банк шотының деректемелерін сұрағанын айтты. Сенген ер адам банк деректемелерін жіберген. Нәтижесінде шоттағы 217 мың теңгесін иемденген. Аталған факті негізінде ҚК «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Осы қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға, ал 2-тармақта көзделген жағдайларда ұрланған мүліктің он еселенген мөлшерінен жиырма еселенген мөлшеріне дейін айыппұл салуға не мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде