{metadescription}
Александр Лукашенко Беларусь президенті қызметіне кірісті

Александр Лукашенко Беларусь президенті қызметіне кірісті

Рәсімнің қай күні болатыны соңғы күнге дейін құпия сақталды.

Ұлықтау рәсімі Мемлекет басшысының ресми резиденциясы — Минскідегі Тәуелсіздік сарайында өтті. Ұлықтау рәсіміне жүзден астам адам шақырылды. Олардың қатарында жоғары лауазымды адамдар, өкілдер палатасының депутаттары және республика кеңесінің мүшелері, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, жергілікті атқарушы және өкімші органдардың, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, ғылым, мәдениет және спорт қайраткерлері бар.

Елдің Конституциясына сәйкес, Лукашенко Беларусь тілінде халыққа ант беріп, тиісті құжатқа қол қойды. Оған Президенттің куәлігін ОСК басшысы Лидия Ермошина тапсырды. Беларусь билігі соңғы сәтке дейін инаугурацияның ресми күнін атаған жоқ. Заң бойынша жаңа Президент сайлаудың ресми нәтижелері жарияланғаннан кейін екі айдан кешіктірмей қызметке кірісуі керек. Биыл бұл мерзім 9 қазанда аяқталады.

Еске салайық, Беларусь мемлекет басшысының сайлауы 9 тамызда өтті. Александр Лукашенкоға сайлаушылардың 80,1% дауыс берген. Жалпы ел бойынша сайлауға қатысу пайызы 84,28% құрады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде