{metadescription}
Сауд Арабиясы 1 қарашадан бастап кіші қажылыққа келушілерді қабылдай бастайды

Сауд Арабиясы 1 қарашадан бастап кіші қажылыққа келушілерді қабылдай бастайды

1 қарашадан бастап Сауд Арабиясы кіші қажылыққа қажыларды қабылдай бастайды.

Eл билігі әл-Харам мешітіне (әлемдегі басты және ең үлкен мешіт, оның ауласында исламның басты қасиетті орны - Қағба бар) баруға қойылған шектеулер біртіндеп алынып тасталатынын хабарлады. Шектеу кезең-кезеңмен жойылады.

4 қазаннан бастап әл-Харам мешітіне Сауд Арабиясының тұрғындары ғана бара алады, күніне 6 мыңға жуық адам. 18 қазаннан бастап жергілікті қажылар саны 15 мыңға дейін артады. Ал 1 қарашадан бастап эпидемиологиялық жағдайға байланысты шетелдіктерге де кіші қажылыққа рұқсат беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, Сауд Арабиясы биыл пандемияға байланысты қажылыққа тыйым салды.

Дереккөз: zakon.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде