{metadescription}
Ордабасыда көлік апатынан 3 адам қаза тауып, 5 адам жарақат алды

Ордабасыда көлік апатынан 3 адам қаза тауып, 5 адам жарақат алды

Түркістан облысы, Ордабасы ауданында жол апаты салдарынан 3 адам қаза тапты.

Тағы бес адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол көлік оқиғасы бүгін сағат 16:38 шамасында Бадам ауылының жанындағы Арыс-Шымкент автожолында орын алған. «ВАЗ» және «Мазда» автокөліктерінің соқтығысып, салдарынан «ВАЗ» жолаушысы мен «Мазда» көлігінде болған екі әйел қайтыс болған. Жедел-жәрдем қызметімен тағы 5 адам ауруханаға жеткізілді.

«Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жол апатының толық мән-жайы анықталуда. Аталған жайт СДТБТ-де ҚР ҚК 345-бабы «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша тіркелді. «ВАЗ» автокөлігі Ресей Федерациясында тіркелгені анықталды. Оқиға орнында Ордабасы АПБ және Түркістан облысының ПД анықтаушылары жұмыс істеуде», - делінген хабарламада.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде