{metadescription}
Қызылордада жарық бағанасын соққан көлік жүргізушісі мерт болды

Қызылордада жарық бағанасын соққан көлік жүргізушісі мерт болды

Қызылордада жарық бағанасын соққан көлік жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды.

Оқиға облыс орталығындағы Мұстафа Шоқай мен Ғани Мұратбаев көшелерінің қиылысында тіркелді. «Opel» маркалы автокөлігі сол жердегі жарық бағанасын келіп соққан. Ол оқиға орнында қайтыс болды.

«Аталған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда автомобильдi басқаратын адамның жол жүру қағидаларын бұзу әрекетінің салдарынан қайтыс болғаны айтылған. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Мән-жайлар анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, пәтерді жалға алып, қымбат теледидарды ұрлап кеткен адамның ұсталғаны туралы жазған едік.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде