{metadescription}
Данэлия Төлешова America's Got Talent байқауында жеңіске жете алмады

Данэлия Төлешова America's Got Talent байқауында жеңіске жете алмады

Данэлия Төлешова америкалық America's Got Talent шоуында жеңіліп қалды.

Биылғы America's Got Talent байқауында 1-орынды Брендан Лик атты қатысушы жеңіп алды. Ол 1 млн доллар жүлденің иесі атанды. Дауыс беру нәтижесі конкурстың Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды. Данэлия Төлешова Америкада бір тәулікке созылған дауыс беру нәтижесі бойынша үздіктер қатарына енді.

Дауыс беру нәтижелері America's Got Talent-тің ресми парақшасында пайда болды. Шоудың 15-ші маусымының финалы 22 қыркүйекте NBC телеарнасының тікелей эфирінде өтті. Данэлия Тулешова атақты шоудың финалында австралиялық әнші Сианың "Аlive" әнін орындады. Жалпы, финалға 10 әртіс қатысты, олардың 6-ы әр түрлі жастағы вокалистер.

Айта кетейік, телевизиялық жоба 2006 жылдың 21 маусымынан бастап көрсетіліп келеді, әншілер, бишілер, сиқыршылар, комедияшылар және барлық жастағы дарынды адамдар талант шоуында өнер көрсете алады. America Got Talent-тің бас жүлдесі - миллион доллар.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.