{metadescription}
Сауда және интеграция министрлігі комитеті басшысы Арман Шаққалиев қызметінен босатылды

Сауда және интеграция министрлігі комитеті басшысы Арман Шаққалиев қызметінен босатылды

Арман Абайұлы Шаққалиев ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды.

"ҚР сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Арман Абайұлы Шаққалиев басқа жұмысқа орналасуына байланысты ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды", - делінген Премьер-министр сайтында.

Арман Шаққалиев 1977 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Еңбек жолын Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша "Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігі" ААҚ заң кеңесшісі болып бастаған. Техникалық реттеу жүйесінде 2004 жылдан бастап "Қазақстан метрология институты" РМК директоры ретінде жұмыс істей бастаған.

2008 жылғы маусымнан бастап 2016 жылғы сәуірге дейін "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры лауазымын атқарған.

2016 жылғы сәуірде Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.

2018 жылғы шілдеде ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

2019 жылғы тамыздан бастап қазіргі таңға дейін ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы болып қызмет етті.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.