{metadescription}
Ұлттық экономика вице-министрі президент әкімшілігіне қызметке келді

Ұлттық экономика вице-министрі президент әкімшілігіне қызметке келді

Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тәкиев президент әкімшілігінің қызметкері болып тағайындалды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Мәди Тәкиев Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Мақсат Мұқанов мемлекет басшысының өкімімен президент әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

Мәди Такиев 1978 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Дінмұхамед Қонаев атындағы университетті және Халықаралық бизнес университетін бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы бастаған. Әр жылдары ол Алматы облысы бойынша салық департаментінде жұмыс істеді.

2012-2013 - қаржы министрлігі салық комитетінің бастығы.

2013-2014 жылдары ол ұлттық экономика министрлігінің салық және кеден саясаты департаментінің директоры қызметін атқарды.

2014 жылы премьер-министр кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2014-2017 жылдар аралығында ол Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бастығы қызметін атқарды.

2019 жылдың наурызында ол ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.