{metadescription}
Қазақстандықтар әлеуметтік сақтандыру арқылы медициналық көмек алудан бас тарта алмайды

Қазақстандықтар әлеуметтік сақтандыру арқылы медициналық көмек алудан бас тарта алмайды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында сақтандыру мәртебесі болмаған жағдайда, азаматтарға ТМККК пакеті бойынша тегін медициналық қызмет көрсетіледі.

Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов мәлімдеді. "Егер адам сақтандырылмаған болса да, ол мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек алуға құқылы, одан ешбір медициналық ұйым бас тартпау керек. Біз азаматтардың қорға жазған шағымдарын өте мұқият
қараймыз", - деді Б. Төкежанов.

Ол ТМККК негізінде әрбір адам үшін медициналық көмектің қажетті көлемі қамтамасыз етілетінін еске салды. ТМККК-і медициналық-санитариялық алғашқы көмекті, шұғыл стационарлық көмекті, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, әлеуметтік мәні бар және негізгі созылмалы аурулар кезінде медициналық көмектің толық спектрін қамтиды. 

"Егер сізде созылмалы ауру болса, сіз әлеуметтік мәні бар аурулар және динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар бойынша есепте тұрсаңыз, онда бейінді маманның қабылдауы ТМККК пакеті бойынша да жүзеге асырылады. Қазір Қорға Qoldau 24\7 қосымшасы және әлеуметтік желілер арқылы кепілдендірілген көмек көрсетуден бас тартқан емханалар туралы шағымдар жиілеп кетті. Тағы да қайталаймын, ТМККК пакетіне кіретін көмекті көрсетуден бас тартуға жол берілмейді", - деді қор басшысы.

Сонымен қатар, сақтандырылған азаматтарға медициналық көмек қызметтердің кеңейтілген тізбесі бойынша көрсетіледі. Пациенттердің жекелеген санаттарына стоматологиялық көмек, халықтың нысаналы топтарын профилактикалық тексеру, мектеп медицинасы, бекітілген тізбе бойынша шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсетіледі. 

"Әрине, биыл еліміздің денсаулық сақтау жүйесі үшін үлкен сынақ болды, пандемия медициналық сақтандыру есебінен ұсынылатын консультацияларға, диагностикаға, оңалтуға қолжетімділікті арттыру бойынша біздің жоспарларымызды өзгертті. Емханалар мен ауруханалар енді қалыпты режимге оралды және халыққа жоспарлы көмек көрсетуде", - деп атап өтті Төкежанов.

Дереккөз: Stan.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.