{metadescription}
Ақтауда ат пен мотоцикл соқтығысып, екі адам зардап шекті

Ақтауда ат пен мотоцикл соқтығысып, екі адам зардап шекті

Бүгін таңғы 5-ке жақын Ақтаудың 35-ші ықшамауданында мотоцикл мен жылқы соқтығысты.

Жас жігіт пен кәмелетке толмаған қыз жарақат алып, жедел ауруханаға жеткізілді, Таңғы сағат 04:51-де 103 кезекшісіне қоңырау түсті. Оқиға орнына жедел жәрдем тобы барған. Аттың иесі әлі анықталмады. Мотоциклде отырған екі адам зардап шекті.

"Маңғыстау облыстық ауруханасының жедел жәрдем бөліміне 1998 жылы туылған жасөспірім ашық краниоцеребральды жарақат, мидың шайқалуы, политравма, невмоторакс, травматикалық шок, бауырдың жарылуы диагнозымен келді. Таңертең науқас хирургияға жеткізілді, содан кейін ол анестезиология, қарқынды терапия бөліміне ауыстырылды", - дейді баспасөз қызметі.

Зардап шеккендердің екіншісі кәмелет жасына толмаған қыз екені белгілі болды. Ол балалар ауруханасына жеткізілген.

"Екінші жәбірленуші, 2004 жылы туылған кәмелетке толмаған қыз. Ол жабық краниоцеребральды жарақат алды, миы шайқалды, аяғының жоғарғы бөлігінің жабық жарақаты анықталды. Ол Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды. Науқастың жағдайы тұрақты деп бағаланады. Ешқандай сынық жоқ", - дейді баспасөз қызметі.

Дереккөз: Stan.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.