{metadescription}
10 жыл іздеуде болған шетелдік қылмыскер Алматы облысында ұсталды

10 жыл іздеуде болған шетелдік қылмыскер Алматы облысында ұсталды

18 қыркүйекте Жамбыл ауданының полициясына медициналық пункт меңгерушісі терезе арқылы ноутбугының жоғалғаны туралы арызданған.

Дереккөз мәліметінше, осы дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді. 

"Жедел топ құрамында жұмыс істейтін учаскелік инспекторлар бір тәулік ішінде күдікті Өзбекстан Республикасы Қарақалпақстан автономиясында тұратын 44 жастағы шетелдікті ізін суытпай анықтады. Ұсталған сәтте күдікті ұрланған мүлікті сатып үлгерген. Ноутбук сатып алушыдан алынды.

Жеке басын тексеру барысында ұсталған ер адамды 2010 жылдан бері отандастары алаяқтық жасағаны үшін іздестіріп жатқаны және халықаралық іздеуде жүргені белгілі болды. Күдікті қамауға алынды", - деді Жамбыл аудандық ПБ бастығының орынбасары Данияр Қыйқабаев.

Дереккөз: Polisia.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.