{metadescription}
Жаяу жүргендерге 50 проценттік жеңілдік беріледі

Жаяу жүргендерге 50 проценттік жеңілдік беріледі

Өзбекстан үкіметі жеңілдіктер жүйесін енгізе отырып, күнделікті жаяу жүру мен жүгіруді насихаттауды жоспарлап отыр.

Өзбекстанда жаяу жүретін адамдарға мемлекеттік қызмет көрсету кезінде 50 проценттік жеңілдік беру жоспарланып отыр. Президенттің қаулысы талқыланып жатыр. "Бұқаралық спортты дамыту және әрбір азаматтың өміріне салауатты өмір салтын енгізу шаралары туралы" қаулыға сәйкес, 2021 жылдың 1 ақпанына дейін Өзбекстанда "Жаңа тыныс" атты платформа іске қосылады. Негізгі мақсат – күнделікті жүгіру мен жаяу жүру салтын кеңінен насихаттау.

"Бір күнде 10 мың қадамнан, айына – 300 мың, ал бір жылда 3,6 миллион қадамнан кем түспейтін жолды жаяу жүрген адамға барлық мемлекеттік қызметке 50 проценттік жеңілдік беріледі. Бұдан бөлек, спорт нысандарына абонемент алуға да тура сондай жеңілдік жасалады", - делінген құжатта.

Жоспарға сәйкес, Өзбекстанның әділет министрлігі "Жаңа тыныс" платформасын мемлекеттік қызметтер жүйесімен интеграциялап, жеңілдік беру бастамасын іске асырады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде