{metadescription}
Мемлекет басшысы Тоқаев Алматыға келді

Мемлекет басшысы Тоқаев Алматыға келді

Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс барысы бойынша Алматыға келді.

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді. Сапар барысында Қазақстан Президенті қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының жаңа филиалымен танысады және медицина қызметкерлерімен әңгімелеседі. Сонымен қатар білім беру орталығын, индустриялық және инфрақұрылымдық нысандарды аралап көреді деп жоспарланған.

Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда қоғам қайраткерлерімен және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесу өткізеді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде