{metadescription}
Шымкентте карантин 12 қазанға дейін ұзартылады

Шымкентте карантин 12 қазанға дейін ұзартылады

Шымкенттің бас мемлекеттік санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың қала аумағында карантин және шектеу шараларын ұзарту туралы №39 қаулысы жарияланды.

"Шымкент қаласының аумағындағы карантин мен шектеу шаралары 2020 жылғы 28 қыркүйек сағат 00.00-ден 2020 жылғы 12 қазан сағат 00.00-ге дейін ұзартылсын", - делінген қаулыда.

Адамдардың көп жиналуына байланысты еске алу,туған күн, мерейтойлар, құдалық, той, беташар сынды кез келген шараның өткізілуіне тыйым салынады. 65 жастан асқан адамдардың қала және басқа да қоғамдық орындарда жүруі шектеледі. Қалада жүріп-тұру кезінде маска кию бойынша міндетті талаптар, адамдар арасында 2 метр әлеуметтік қашықтық сақталуы тиіс.

Үйлердің аулаларында, саябақтарға, алаңдарға, гүлзарларға, жағалауларға барып серуендеуге 3 адамнан аспайтын топқа және бір отбасы мүшелеріне рұқсат етіледі. Жалпы пайдалану орындарында орналасқан балалардың ойын алаңшаларына баруға 3 адамнан аспайтын топқа ғана рұқсат беріледі.

Қаулының толық нұсқасын мына сілтемeге өту арқылы танысуға болады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.