{metadescription}
Алматының орталық көшелері жабылады

Алматының орталық көшелері жабылады

Медеу ауданында жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше көше жабылады.

Аудандық әкімдіктің мәліметінше, 25 қыркүйекте сағат 17:00-ден 26 қыркүйек  сағат 23:00-ге дейін Райымбек даңғылында Назарбаев даңғылынан Жангелдин көшесіне дейін, Пушкин көшесінен Мақатаевтан Райымбек даңғылына дейін, Уәлиханов көшесі бойымен Райымбек даңғылына дейін, Қонаев көшесінен Мақатаев көшесіне дейін қозғалыс шектеледі.

«Сонымен қатар, 203, 204, 207, 208, 220, 221, 222, 225, 228, 410 автобустарының қозғалысы өзгереді: Райымбек даңғылы бойынша – Назарбаев даңғылы мен Пушкин көшесінің арасындағы барлық қоғамдық көлік шығыс бағытта жолайырықтың тоннель бөлігі арқылы өтетін болады. Талғар, Есік қалалары мен Өтеген Батыр кентінің маңындағы жолаушылар үшін Райымбек-Назарбаев даңғылы, Райымбек-Жангелдин, Пушкин-Мақатаев, Гоголь-Назарбаев даңғылы соңғы аялдама болады», – делінген хабарламада.

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.