{metadescription}
СҚО-да 8 мектеп пен бір балабақшада балалар коронавирус жұқтырған

СҚО-да 8 мектеп пен бір балабақшада балалар коронавирус жұқтырған

Солтүстік Қазақстандағы мектептерде оқушылардың коронавирус жұқтырып алғаны белгілі болды.

«Солтүстік Қазақстанның мектептерінде коронавирус ауруын жұқтырудың 12 жағдайы тіркелді. Індет сегіз білім ордасынан және бір балабақшадан анықталды», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, балалармен байланыста болған адамдардың бәрі 14 күндік карантинге жатқызылған.

Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында кезекші сыныпқа барып жүрген төрт оқушыда коронавирус анықталды.
 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде