{metadescription}
Қазақстанда 1 715 науқас коронавирустан көз жұмған

Қазақстанда 1 715 науқас коронавирустан көз жұмған

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды баян етті.

«25 қыркүйектегі мәлімет бойынша, елімізде коронавирус ауруымен ауырған азаматтардың саны 107 590-ға жетті. Оның ішінде 95,1 пайызы немесе 102 360 науқас жазылып шықты. 3515 адам ем қабылдауда. Өкініштісі, 1715 азамат қайтыс болды. Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясы 61 адамнан анықталды», - деп хабарлады Бағдат Қожахметов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, ПТР тест теріс нәтиже көрсеткен 31 991 науқас тіркеліп, оның ішінде 26 914-і емделіп шықты. Қайтыс болғандардың саны – 347.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде