{metadescription}
Өскемендік оқушы халықаралық олимпиададан күміс медаль еншіледі

Өскемендік оқушы халықаралық олимпиададан күміс медаль еншіледі

Өскемендік оқушы информатикадан халықаралық олимпиадада күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлады білім және ғылым министрлігі.

Қазақстанның құрама командасы информатика бойынша халықаралық олимпиадаға (International Olympiad in Informatics – IOI 2020) қатысты. IOI 2020 нәтижелері бойынша Өскемен қаласы "Білім-инновация" мамандандырылған лицейінің түлегі Байболов Темірлан күміс медаль жеңіп алды.

"Биыл жарысқа 80-нен астам елдің оқушылары қатысты. Қазақстандық команданың құрамына информатика пәні бойынша республикалық олимпиада және іріктеу турының нәтижелері бойынша жеңімпаз атанған 4 оқушы кірді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, информатика бойынша халықаралық дода аясындағы интеллектуалды біріншілікте бүкіл әлемнің жас бағдарламашылары жиналады. Олимпиада әлемде ақпараттық технологиялар саласында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында ұйымдастырылған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде