{metadescription}
Украинада ұшақ құлап, 25 адам қаза тапты

Украинада ұшақ құлап, 25 адам қаза тапты

25 қыркүйекте кешке Украинаның Харьков облысында Украина Қарулы күштерінің Ан-26 әскери ұшағы құлады. 

25 қыркүйекте сағат 20.50-де Чугуев қаласының маңында әскери әуежайдан шамамен екі шақырым қашықтықта Украина ҚК Ан-26 ұшағы құлап, өртенген. Бортта 7 экипаж мүшесі және И.Кожедуб атындағы Әуе Күштері университетінің 20 курсанты, барлығы 27 адам болған, деп хабарлады Facebook-те УҚК Әуе Күштері басшылығы. Ұшу білім беру бағдарламасы шеңберінде өткен болатын. Соңғы ақпарат бойынша ұшақ апатынан 25 адам қаза тапты.

"Осы минуттағы алдын ала ақпарат бойынша, 25 адам қаза тапты, 2 адам ауыр халде, олар медициналық мекемелерге жеткізілді, қалғандарын іздеу жұмыстары жалғасып жатыр", - деп хабарлайды Украинаның бас прокуроры кеңсесінің баспасөз қызметі өкілдері.

"Апат пен ауыр зардаптарға әкеп соққан ұшу және оған дайындық ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта 28 адам болған, оның ішінде жеті офицер және 21 курсант. 25 адам қайтыс болды, екеуі аман қалды (біреуінің жағдайы ауыр), төрт адамның тағдыры белгісіз. Олардың өмірі үшін дұға етеміз, шұғыл көмек көрсетеміз", - деп жазды облыстық мемлекеттік әкімшіліктің басшысы Алексей Кучер Telegram-да.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.