Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қуат Хамитов ресейлік қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңді
Қуат Хамитов (18-7-1) Мәскеуде өткен Fight Nights Global 98 турниріне қатысты.
11:19 26.09.2020
Хамитовтың қарсыласы ресейлік Ахмад-Хан Боков болды. Жекпе-жек 74 килограмға дейінгі салмақта өтті. Айта кетейік, жекпе-жек қарсаңында Қуаттың қарсыласы өзгерді: бастапқыда ол басқа ресейлік – Олег Косиновке (7-5) қарсылас болуы керек еді.
Хамитов-Боков жекпе-жегінде қазақстандық бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіске жетті. Кездесудің видеосын төменде көруге болады. Бұл жеңіс Хамитов үшін 2016 жылдың желтоқсанынан бергі алғашқы жеңіс болды. Ол 19 жеңіске жетіп, жеті мәрте жеңіліп қалған.
Оның қарсыласы 26 жастағы Боков мансабындағы бесінші жеңілісіне ұшырады. Оның есебінде бес жеңісі бар. Ол өзінің алдыңғы жекпе-жегін 2019 жылдың қаңтарында өткізді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram