{metadescription}
Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды. Мемлекет басшысы Украинаның Харьков облысында ұшақ апаты салдарынан украиндық әскерилердің қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. 

«Орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болған курсанттардың туған-туысқандарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларымен қауышуына тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.

Айта кетейік, кеше Украинада болған ұшақ апатынан 25-ке жуық курсант қаза болған. Зеленский 26 қыркүйекті ұлттық аза тұту күні деп жариялады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде