{metadescription}
Оқушы торды кесіп, 70 маймылды зообақтан шығарып жіберген

Оқушы торды кесіп, 70 маймылды зообақтан шығарып жіберген

Жапонияның Чиба қаласының полициясы хайуанаттар бағындағы қоршаудан 70 маймылды босатты деген күдікпен оқушыны қамауға алды.

10 маусым күні таңертең Фуцзу қаласындағы хайуанаттар бағының қызметкері жапон макакалары қамалған қоршауда диаметрі 30 сантиметр болатын тесік тапты. Сым қоршау үшкір затпен кесілген. Нәтижесінде қоршауда болған 70 жануар қашып кетті.

Сәрсенбі, 23 қыркүйек күні полиция 16 жастағы мектеп оқушысын бұзақылық жасады деген күдікпен ұстады. Жасөспірімнің досына тиесілі көлік хайуанаттар бағында орнатылған бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Тәртіп сақшылары досының оқиғаға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Қашып кеткен маймылдарды аулау мүмкін болды ма, жоқ па белгісіз.

Дереккөз: Stan.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.