{metadescription}
Елордада карантинді бұзғаны үшін түнгі клуб әкімшісі қамауға алынды

Елордада карантинді бұзғаны үшін түнгі клуб әкімшісі қамауға алынды

Елордада клуб әкімшісі карантинді бірнеше рет бұзғаны үшін қамауға алынды.

Түнде сағат 01.35-те жергілікті полиция қызметкерлері әкімшілік учаскені аралау барысында түнгі клубта карантинді бұзу фактісін анықтады. Түнгі клубтардың жұмысына тиым салынғанына қарамастан 30-ға жуық адам болған. Бұған дейін 25 жастағы клуб әкімшісіне бірнеше рет ескерту берілген екен. Әкімшілік жауапкершілікке де тартылған, бірақ мекеме қызметін жалғастырған. 

Түнгі клубтың әкімшісіне қатысты әкімшілік материал қозғалды. Ол Нұр-Сұлтанның мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралды. Сот кінәлі деп танып, бір тәулікке қамауға алды.

Дереккөз: stan.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.