{metadescription}
Алматыда автобустың артына мініп алған ер адам видеоға түсіп қалды

Алматыда автобустың артына мініп алған ер адам видеоға түсіп қалды

Әлеуметтік желілерде автобустың артына мініп алған ер адамның видеосы тарап жатыр.

Алматы полициясы автобустың артына жабысып алып, жол жүрген алматылықты іздестіріп жатыр. Бейнероликте ер адамның қоғамдық көліктің артына мінгесіп, алып бара жатқаны көрсетіледі. Оның әрекеті көпшіліктің қызу талқысына түсті. Біреулер тегін жүрудің айласы десе, басқалар бұл жүрістің қауіпті екенін айтады.

"Автобустың артындағы жолаушының әрекеті, бұл, әрине, өрескел ережебұзушылық. Бұл өз денсаулығы мен қауіпсіздігіне тікелей қауіп. Және жолдағы басқа адамдарға қауіп төндіреді. Мұндай жағдайларға жол берілмейді және ол жауапкершілікке тартылады", - деді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде