{metadescription}
Алматыда алаяқ ер адам 5-қабаттан секіріп қаза тапты

Алматыда алаяқ ер адам 5-қабаттан секіріп қаза тапты

Алматыда аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деп айыпталған ер адам экономикалық тергеу департаменті ғимаратының терезесінен секіріп қаза болды.

Бұл туралы қаржы министрлігі қаржылық мониторинг комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Іс материалдарына сәйкес, 44 жастағы Ерлан Қонысбаев 2016 жылы ҚР БҒМ Ғылым комитетінен құны 230 млн теңге болатын грант ұтып алған. Келісімшартта белгіленген қалған қаражатты қолдануға салынған тыйымға қарамастан Қонысбаев бөгде компаниялардың (аффилириленген) есепшотына 88 млн теңге аударып, нақты ақшаға айналдырып алған. Ал келісімге сәйкес уағдаласқан жұмыс оырндалмаған.

2020 жылы 22 қыркүйекте одан адвокатының қатысуымен күдікті ретінде сұрақ жауап алынды. Ерлан Қонысбаевқа ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлімімен аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылды. Тергеу барысында Ерлан Қонысбаевтың бұған дейін бір рет ауыр қылмыс бойынша істі болғаны анықталды. Сондықтан, тергеуші ҚР ҚК 128-бабы бойынша уақытша оқшаулау орнына қамау туралы шешім шығарған болатын.

Ұстау хаттамасы толтырылып, тінту жүргізіліп жатқанда Ерлан Қонысбаев 5-қабаттағы терезеден секіріп кеткен. Жедел жәрдем келгенше ол көз жұмды Қазір ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті осы дерекке байланысты ішкі тексеру жұмыстарын бастады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.