{metadescription}
Нұр-Сұлтанда арендалық баспанаға құжат қабылдау басталды

Нұр-Сұлтанда арендалық баспанаға құжат қабылдау басталды

Нұр-Сұлтанда сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге құжат қабылдау басталды.

Кезекте тұрғандарға 224 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Бағдарламаға тұрғын үй кезегінде тұрған және Нұр-Сұлтан әкімдігіне ведомстволық бағынысты мекемелердің білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлері, сондай-ақ полиция және төтенше жағдайлар департаменттерінің барлық санаттағы азаматтары қатыса алады", – деп мәлімдеді қаланың тұрғын үй қорынан.

Тілендиев даңғылында, Сары бұлақ бойында орналасқан "Жаңа қоныс" тұрғын үй кешенінен және С.Торайғыров көшесіндегі "Керемет" тұрғын үй кешенінен 224 пәтерді жалға беру жоспарланып отыр. Әлеуметтік пәтерді жалға алғандар ай сайын әр шаршы метр үшін 1 455 теңге төлеп тұрады. Жалға алудың ең көп мерзімі – 20 жыл. Мерзім аяқталғаннан кейін тұрғын үй жалға алушының меншігіне өтеді.

Қала тұрғындары отбасы құрамына қарамастан 1, 2 және 3 бөлмелі пәтерлерге өтініш бере алады. Алайда, таңдаған пәтерді алуға келісім беру жалға алушының төлем қабілетіне тікелей байланысты. Тағы оқыңыз: 1 шаршы метрі – 100 теңге: әлеуметтік коттедждер кімдерге арналып салынады

"Мәселен, ауданы 37 шаршы метр бір бөлмелі пәтерді жалға алу құны – айына 53 835 теңге. Бұл жағдайда отбасының кірісі, басқа міндеттемелерді қоспағанда, кем дегенде 110 000 теңге болуы керек", - деді әкімдіктен.

Арендалық баспанаға құжаттар 7 қазанға дейін қабылданады. Өтініш zhilfond.kz сайты арқылы қабылданады. Бұл ресурста "Онлайн қызметтер" бөлімінде "Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге өтініш беру (ҚИК)" терезесі пайда болды. Өтініш қалдыру үшін азаматтарда электронды цифрлық қолтаңба және жұмыс орнынан анықтама болуы керек.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде