{metadescription}
БҚО-да жол апатынан танымал саксофоншы-музыкант жігіт қайтыс болды

БҚО-да жол апатынан танымал саксофоншы-музыкант жігіт қайтыс болды

25 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы Орал-Индер трассасында болған жол апатынан бес адам зардап шекті.

Kуәгерлер тас жолда ұялы байланыс болмағандықтан ұзақ уақыт жедел жәрдем көлігін шақыра алмаған. Көмектің кешігуі салдарынан бір зардап шеккен адам дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болды. Ол батыс өңіріне танымал 26 жастағы музыкант-саксофоншы жігіт Дәулет Шамелов екен.

"Жедел жәрдем көлігін біз бірнеше сағат күттік, көлікте науқасты салатын қарапайым зембіл де жоқ болып шықты. Байғұс дәрігерлер қажетті дәрі-дәрмекті де таппай әбден естері шықты. Ал бір жедел жәрдем көлігі тіпті оқушыларды тасып жүр", - дейді марқұмның досы қатты қынжылып.

Дереккөз: zakon.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде