{metadescription}
Борышкерлік қарыз үшін Нұр-Сұлтан тұрғынының сатып алған қымбат көлігі тәркіленді

Борышкерлік қарыз үшін Нұр-Сұлтан тұрғынының сатып алған қымбат көлігі тәркіленді

Ер адам көлікті үшінші тұлғадан сатып алып, бірақ оны өз атына рәсімдемеген.

Ендігі жерде сатып алушы сотқа жүгінуі тиіс. Сот орындаушылары құқық қорғау органдарымен бірге борышкерден элиталық Cadillac Escalade автокөлігін тәркіледі. Бұл туралы "Нұр-Сұлтан" аймақтық жеке сот орындаушылары палатасының баспасөз қызметі хабарлады. 2012 жылдан бастап сот шешімі бойынша ер адам кірісінің төрттен бірін баласына алимент ретінде төлеуі керек болған. Бастапқыда уақытылы төленген, кейіннен тоқтап қалды. Ал 2019 жылдың мамырында сот оны іздеу тізіміне қосты. Қазіргі уақытта оның қарызы 2 330 000 теңгені құрайды. Ал ер адамның меншігінде нарықтағы құны 10-15 миллион теңге шамасында тұратын Cadillac Escalade көлігі бар.

"Полицейлермен бірге жедел-іздестіру шарасы ұйымдастырылып, "Сергек" камераларының көмегімен көлік табылды. Нәтижесінде, автокөлік тәркілеуге алынды", – делінген хабарламада.

Алайда, көлікті борышкердің өзі тізгіндемегені анықталды. Тіпті, ол автокөлікті борышкерден емес, үшінші тараптан сатып алған екен. Яғни, көлік иесі мен жүргізуші арасында бірнеше делдал болған. Ер адам көлікті үшінші тұлғадан сатып алғанымен, оны өз атына рәсімдемеген. Ендігі жерде сатып алушы сотқа жүгінуі тиіс. Ал көлік мамандандырылған автотұраққа қойылып, содан кейін аукционға жіберіледі.

"Көлік сатып алған адам мұқият тексеруден өтеді. Өйткені, автокөлік аукцион арқылы басқа біреудің баласына қарызын төлеу үшін сатылады", – дейді "Нұр-Сұлтан" аймақтық жеке сот орындаушылары палатасы басшысының орынбасары Мадина Жанасаева.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда "Борышкер" рейдтік іс-шаралары 16 қазанға дейін жалғасады. Бүгінде астаналық сот орындаушыларының өндірісінде 14 342 алимент бойынша іс бар.

Дереккөз: sputniknews.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде