{metadescription}
Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 4 адам қайтыс болды

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 4 адам қайтыс болды

Қазір коронавирус инфекциясынан үш мыңнан астам науқас емделіп жатыр, олардың арасында қырық алты бала бар.

Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 бен ковидтік пневмониядан төрт адам қайтыс болды. Бір тәулікте коронавирустан үш адам, пневмониядан бір адам көз жұмды. 58 адамда коронавирусқа тапсырған тест оң нәтиже көрсеткен. 10 адам ковидтік пневмонияға шалдықты. Жалпы 13 наурыздан бері республикада 107 833 адам коронавирус жұқтырды, 1 728 науқас қайтыс болды.

Ал 1 тамыздан бері пневмония диагнозы 32 500 пациентте расталды, 351 адам көз жұмды. Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 3 300 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 46 бала бар. Стационарларда 1 906 науқас жатыр. 1 394 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 92 науқастың жағдайы ауыр. Соның ішінде 12 пациент хәл үстінде жатыр. 21 адам жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде