{metadescription}
Жайық өзенінен өтпек болған жүргізуші машинасымен бірге суға батып кетті

Жайық өзенінен өтпек болған жүргізуші машинасымен бірге суға батып кетті

Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушыларына Жайық өзеніне батып кеткен автокөліктен ер адмның денесін алып шығу үшін бірнеше сағат қажет болды.

Төтенше жағдай 28 қыркүйекте таңғы сағат он жарымда Ақжайық ауданының Тайпақ ауылында болған. Жанама ауылының 36 жастағы тұрғыны ВАЗ автокөлігімен Жайық өзенінен өтпек болған.

"Паром Жайық өзенінен өтіп бара жатқанда ВАЗ көлігінің тежегіші істен шығып, көлік батып кетті. Автокөлікте болған көлік иесі оқиға орнында қаза болды", - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Марқұмның денесі көліктен шығарылып, шамамен үш сағаттан кейін жер бетіне көтерілді. Ол оқиға орнына келген полиция тергеу-жедел тобының қызметкерлеріне тапсырылды. Оқиға орнында төрт құтқарушы мен бір техника жұмыс істеді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.