{metadescription}
Бас санитар: қарапайым талапты сақтамасақ, карантинге қайта ораламыз

Бас санитар: қарапайым талапты сақтамасақ, карантинге қайта ораламыз

Бас санитардың айтуынша, карантин жеңілдетілгеннен кейін кәсіпкерлік субъектілері бірнеше рет заң бұзған.

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева елорда тұрғындарын және кәсіпкерлерді санитарлық талаптарды сақтауға шақырды. Ол егер талаптар орындалмаса, қатаң шектеу шаралары қайта енгізілуі мүмкін екенін ескертті. Нұр-Сұлтан қаласының бас санитары халықты бетперде киіп, әлеуметтік қашықтықты сақта мен қоғамдық орындарға баруды шектеу сынды қарапайым талаптарды орындауға шақырып жатқанын атап өтті.

"Бірақ бәріміз көріп отырғандай, бұл талаптар еленбейді және сақталмайды. Егер біз осы талаптарды әрі қарай да орындамасақ, жаздағы өткен маусымға қайта оралуымыз мүмкін. Белгілі бір қызмет түрлерін тоқтатып, қатаң шектеу шараларын қайта енгізуге мәжбүр боламыз", – деді Пірәлиева онлайн брифингте.

Ол елорда тұрғындарына коронавирус әлі де таралып жатқанын ескертті. Айтуынша, карантин жеңілдетілгеннен кейін кәсіпкерлік субъектілері бірнеше рет заң бұзған. Әкімшілік жауапқа тартылғанына қарамастан, шектеу шараларын сақтамай, өз қызметін жалғастырған. Карантин енгізілгеннен бері кәсіпкерлік нысандарға жалпы сомасы 122 миллион 526 мың 428 теңгені құрайтын 550 айыппұл салынды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде