{metadescription}
Көкшетауда жоғалған бойжеткен қонақүйден табылды

Көкшетауда жоғалған бойжеткен қонақүйден табылды

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 20 жастағы Айшолпан Сыздықова табылды.

Ведомствоның мәліметінше, бойжеткен жергілікті қонақ үйден табылған.

«Жедел-іздестіру шарасы барысында полиция қызметкерлері қыркүйектің 28-де кешке қарай жоғалған қызды Көкшетау қаласындағы қонақ үйлердің бірінен тапты. Бойжеткен отбасылық түсініспеушіліктен үйінен кетіп қалған. Оған қатысты заңға қайшы әрекет жасалмаған және оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», - дейді ведомстводан.

Еске сала кетейік, 28 қыркүйек күні Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 20 жастағы қызға іздеу жарияланған болатын.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде