{metadescription}
Нұр-Сұлтанда алты оқушы коронавирус жұқтырды

Нұр-Сұлтанда алты оқушы коронавирус жұқтырды

Нұр-Сұлтан қаласында мектепке барып жүрген оқушының бірі коронавируспен ауырып қалды.

Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева мәлімдеді.

«6 қыркүйектен бастап оқушылар арасында індет жұқтырудың алты жағдай тіркелді. Оның ішінде бір оқиғада бала мектепке барып жүрген, қалған бесеуі қашықтан оқыту тәртібінде білім алды», - деді Пралиева баспасөз мәслихатында.

Осы бойынша балалармен байланысқандар тексерілді - барлығының нәтижелері теріс болған.

«Бұлардың бәрі 19 адам, олардың алтауы оқытушылар және 13-і оқушылар. Мектепте дезинфекция жүргізілді, балалар мен мұғалімдер үй карантинінде болды, қазір сабақ оқуға кірісті», - деп хабарлады Жанна Пірәлиева әкімдікте өткен брифингте.

Ол мектеп оқытушыларының арасында бүгінгі күні коронавирустық инфекция тіркелмегенін атап өтті.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде