{metadescription}
Тефонын қуаттамақ болған оқушы көз жұмды

Тефонын қуаттамақ болған оқушы көз жұмды

Алматы облысының Қарғалы ауылында 15 жасар қыз ұялы телефонын қуаттап отырып, тоқ соққысынан көз жұмды.

Қайғылы оқиға 26 қыркүйек күні түнгі сағат ондар шамасында болған. Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, бұл жағдай Жамбыл ауданындағы Қарғалы ауылында болған.

"Электр тогының соғу салдарынан 15 жастағы кәмелетке толмаған жергілікті тұрғын қаза болды. Алдын ала анықталғандай, қыздың ұялы телефоны электр қуаттағышта болған, сол арқылы қыз электр тогын алған", - деп хабарлады Алматы облысы ПД.

Қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде