{metadescription}
40-65 жас арасында  КВИ жұқтырғандар артты

40-65 жас арасында КВИ жұқтырғандар артты

Коронавирусты 40-тан 65 жасқа дейінгі жұқтырған адамдар санының өсуі байқалады.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиева мәлім етті.

«Өткен жылдың ұқсас кезеңінің деңгейінде жіті вирустық гепатиттермен сырқаттанушылық тіркелген. Жіті ішек инфекциялары тобымен сырқаттанушылық 30,4 пайызға, сальмонеллезбен сырқаттанушылық 20,65 пайызға, туберкулезбен сырқаттанушылық 35,61 пайызға, педикулезбен және энтеробиозбен сырқаттанушылық 13,01 пайызға төмендегені байқалады», - деді Пралиева онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, ол Covid-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайға тоқталды.

«Нұр-Сұлтан қаласында елімізде 13 наурыздан бүгінгі күнге дейін 14084 зертханалық расталған КВИ (оның ішінде 8645 симптомды және 5439 асимптоматикалық) және 540 КВИ (вирус сәйкестендірілмеген) жағдайы тіркелген. Жас құрылымы бойынша 40-тан 65 жасқа дейінгі адамдар арасында вирус жұқтырғандар санының өсімі байқалады. Егер КВИ-ді тіркеудің басында қалада ерлер арасында ауырғандардың үлес салмағы басым болса және 60,3%-ды құраса, онда 8 айдың қорытындысы бойынша ауырғандардың үлесі артып, 53%-ды құрады», - деді Жанна Пралиева.

Қазіргі уақытта КВИ ауруының жағдайларын тіркеу жалғасуда, тәулігіне симптомдары бар аурудың басымдығымен 3-тен 20-ға дейін жағдай тіркеледі. Ересектер арасында да, мектеп жасындағы балалар арасында да тіркелуде.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде