{metadescription}
Депозиттен миллиондап ұрлаған банк қызметкері ұсталды

Депозиттен миллиондап ұрлаған банк қызметкері ұсталды

Қазақстандық банкте жұмыс істеп жүргенде депозиттерден ірі көлемде ақша ұрлаған әйел Дубай қаласында ұсталды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті.

Тергеу материалдарына сәйкес, 57 жастағы әйел бірнеше жыл бойы өз клиенттерінің депозитінен ақшаны басқа есепшоттарға аударып отырған. Шығынның жалпы көлемі 32 миллион теңгеден асты.

"Қылмыстық жазадан құтылмақшы болған әйел Біріккен Араб Әмірліктеріне қашып кеткен. Содан Интерпол арқылы халықаралық іздеу жарияланған болатын. 18 қыркүйекте Қылмыстық кодекстің 189 бабы "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемдену немесе талан-таражға салу" бойынша іздеуге салынған банктің бұрынғы қызметкері Дубай қаласында ұсталып, Қазақстанға депортацияланды", - дейді полицейлер.

Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылып отыр. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары басталды.

Дереккөз: Sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде