{metadescription}
Алтын бетперделі азамат пневмониядан көз жұмды

Алтын бетперделі азамат пневмониядан көз жұмды

Алтын маскаға тапсырыс берген Үндістан кәсіпкері коронавирус жұқтырып, пневмониядан көз жұмды.

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, Үндістанның Пимпри-Чинчвад провинциясында түратын Шанкар Кураде коронавирус жұқтырған және пневмониядан қаза болған. Шілде айында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында күн сайын бір килограмм алтын тағып жүруге дағдыланған 49 жастағы кәсіпкер коронавирустан қорғану үшін салмағы 60 грамм болатын алтын маскаға тапсырыс бергені туралы жаңалықтар пайда болды, оны жасау үшін 8 күн қажет болды. Бұл кішкентай тері тесігі бар жұқа маска, ол дем алуға мүмкіндік береді.

"Бірақ оның тиімділігіне қатысты жәй ғана маска тағып жүру жеткіліксіз екенін білеміз, қашықтықты да сақтау қажет. Сондықтан, алтын маскада көшеге шыға отырып, мен де әлеуметтік қашықтық шараларын тиісті түрде сақтаймын", - деген еді Кураде.

Мұндай маска шамамен 4 мың АҚШ долларына тең.

Дереккөз: Stan.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде