{metadescription}
Армения-Әзірбайжан қақтығысы. Сарапшылар пікірі

Армения-Әзірбайжан қақтығысы. Сарапшылар пікірі

Әзербайжан мен Армения арасында жер үшін соғыс жүріп жатыр.

Таулы Қарабақ мәселесінің шешім таппай келе жатқанына 30 жылдан асса да, екі ел әлі бір ымыраға келер емес. Таулы Қарабақ үшін соғыста екі тарап та бір-бірін айыптап отыр. Әзірбайжандықтар ресми түрде бірінші болып соғысты Армения бастады десе, армяндықтар басқа пікірді ұстанады. Саясаттанушы Ерлан Саиров Таулы Қарабақ заңды иесіне қайтарылуы керек дейді. Ал екі ел арасындағы қақтығыс біздің елге әсер ете қоймайды деген пікірде.

"Қазақстанның екі елмен де экономикалық байланысы тығыз дамымаған. Дегенмен де Әзірбайжан елімен қарт Каспий арқылы шектесеміз, түркі тектес бауырлас ел. Ал Армениямен одақтық байланыс қана. Сондықтан экономикалық тұрғыдан ешқандай әсері болмауы мүмкін. Қарабақты ешбір ел мемлекет ретінде мойындамаған. Қазақстан өзінің ресми позициясын таңдады. Екі жақтың мәселесін шешуде атсалысуға міндетті түрде көмектесетінін айтты", - деген ол Қарабақ мәселесінде сыртқы күштердің әсері болуы мүмкін екенін айтады.

Белгілі саясаттанушы Айдос Сарымның ойынша, бұл шайқаста екі ел "қанға қан, жанға жан" принципін ұстанған. Оңайлықпен берілмейтін екі елдің арасындағы қазіргі шиеленістің соңы шығыны көп соғысқа әкелуі мүмкін. 

"Бұл қақтығыс бүгін басталып тұрған жоқ. Екі жақта өзі халқының айтқанынан аса алмайды. Жерді бөлейік, мәмлеге келейік деп айту Армения мен Әзірбайжан үшін үлкен сатқындыққа апарады. Бір саясаткеркер парламентте "жерді 50-50 бөлейік немесе қайтарып берейік" деген сөз айтса, оның саяси ғұмыры аяқталды деп айтуға болады. Адам шығыны болып, мәселе шиеленіскен кезде ешқандай мәмілеге келе алмайды", - дейді ол.

Дереккөз: Stan.kz 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде