{metadescription}
Таразда 4 жасар бала биік баспалдақтан құлады

Таразда 4 жасар бала биік баспалдақтан құлады

Таразда 4 жасар бала көпқабатты үйдің баспалдақ алаңында бесінші қабаттан құлап кетті.

Оқиға 13-шағынаудандағы 5 қабатты үйлердің бірінде болды.

«Ата-анасының қарауынсыз қалған төрт жасар қыз баспалдақ жақтауы арасындағы ашық жерден төменге құлаған. Ол бесінші қабаттан екіншіге түскен. Зардап шеккен қыз ауыр халде қалалық балалар ауруханасына жеткізілді», - деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, ведомство тұрғындарды абай болуға шақырып, баспалдақ – бұл қозғалысқа ыңғайлы құрал ғана емес, сонымен қатар балалар үшін жоғары қауіпті объект екендігін ескертеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде