{metadescription}
Алимент төлемеген азамат элиталы пәтерінен айырылды

Алимент төлемеген азамат элиталы пәтерінен айырылды

Алматыда алимент төлеуден жалтарған азаматтың Абай даңғылындағы пәтері тәркіленді.

Қарағанды қаласы Октябрь ауданының № 2 аудандық соты кәмелетке толмаған баланы күтіп-бағуға жалақының және өзге де табыстың барлық түрлерінің төрттен бір бөлігі мөлшерінде алименттерді ай сайын өндіріп алу туралы атқару құжатын берген. Азаматтың баласы алдындағы жалпы қарызы 2 323 066 теңгені құраған кезде жылжымайтын мүлік сатылды.

"Сатып алу-сату шартына сәйкес тыйым салынған жылжымайтын мүлік 20 484 149 теңгеге сатылды. Төлем тапсырмасына сәйкес алимент бойынша берешек өндіріп алушыға 2 323 066 теңге аударылды", - деді қалалық әділет департаментінің баспасөз қызметінде.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде