{metadescription}
Оралда құрылысшы мерт болды

Оралда құрылысшы мерт болды

Оралда салынып жатқан үйден құрылысшы құлап, мерт болды.

 БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, қайғылы оқиға бүгін Ружейников көшесі бойында «Болашақ-Т» ЖШС салып жатқан көпқабатты үйде болды. Жедел жәрдем сағат 03.15-те шақырылды. Осында монтажшы болып жұмыс істейтін Ақжайық ауданының 24 жастағы тұрғыны 5-қабаттан құлап кеткен. Марқұм жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның Ружейников көшесі 14-мекенжайында болғанын растап, толық мәліметтің кейін берілетінін жеткізді. Қазіргі кезде Орал қаласы полиция басқармасы тергеу амалдарын жүргізуде.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде