{metadescription}
Молда әйелдің әурет жерін жалаңаштап емдеген

Молда әйелдің әурет жерін жалаңаштап емдеген

Әлеуметтік желіде әйелді шешіндіріп емдеген емшінің видеосы тарады.

Көпшілік оның емі мүлде дұрыс емес екенін айтып даттады. Видеоны желідегі парақшасында Тортуыл Шоқан атты желі қолданушысы жариялады. Емшінің әйелді әурет жеріне дейін шешіндіріп, жалаңаш денесіне жазу жазып жатқанын байқауға болады. Ол кітапқа қарап отырып сөздерді жазды. Сосын әйелдің аузына үрлейді. Бұл көрініс желі қолданушыларының ашуын келтірді. 

"Не деген масқара? Бұл ем емес, зинақорлық. Исламда мұндай атымен жоқ", "Адасқандар, арсыздар, емшісі де, молдасы да арсыз", "Бұның соңы жақсылыққа әкелмейді", "Әйелде де ес жоқ екен, не екенін жақсы біліп тұр", "Видеоны кім түсіріп тұр сонда?", "Адамдар ақша табу үшін айуандыққа баратын болды ғой", - деп жазды олар.

Видеоның нақты қайда түсірілгені туралы ақпарат жоқ. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде